Accessibility links

Хельсинки комитеті Жаңаөзенге байланысты жиын өткізді



Норвегиялық Хельсинки комитетінің бүгін Ослода өткен семинары Жаңаөзен оқиғасына және Қазақстандағы кәсіподақ ұйымдарының жағдайына арналды деп хабарлады осы ұйымның Орталық Азия бойынша бағдарлама жетекшісі Лене Веттеланд.

Лене Веттеландтың айтуынша, бұл жиынға Қазақстаннан «Жаңарту» тәуелсіз кәсіподақ ұйымының жетекшісі Есенбек Өктешбаев пен азаматтық белсенді Айнұр Құрманов қатысқан. Олар Жаңаөзен оқиғасы туралы, ереуілші мұнайшылардың еңбек дауы жайлы баяндаған.

Хельсинки комитеті қызметкерінің сөзіне қарағанда, «Қазақстанның Норвегиядағы елшілігі өкілдері Жаңаөзен тақырыбындағы жиынға қатысудан бас тартқан».

Өткен жылы қыркүйек айында Жаңаөзенде болып, ереуілшілермен кездескен Лене Веттеланд Маңғыстау облысына тағы баратынын айтты.
XS
SM
MD
LG