Accessibility links

Атырау мектептерінде екі күн сабақ болмайды


Қала көшесімен келе жатқан әйел. Павлодар, 31 қаңтар 2012 жыл.
Қала көшесімен келе жатқан әйел. Павлодар, 31 қаңтар 2012 жыл.
Атырау қаласында ақпанның 3-4-і күндері, яғни жұма және сенбіде қалың қар мен аяз кесірінен мектептерде сабақтар болмайды деп хабарлады қалалық білім басқармасына сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" агенттігі.

Облыста соңғы бірнеше күнде екі жылда жауатын қар мөлшері түскен. Жол тазаланып жатқанымен, тайғақ көлікке кедергі келтіреді. "Бұған қоса синоптиктер алдағы күндері аяз -33 С-ден асуы мүмкін деп болжайды" деп жазады агенттік.

Атырау қаласының мектептерінде сабақ ақпанның 2-сінен бастап тоқтатылған.
XS
SM
MD
LG