Accessibility links

Путин көпшіліктің митингке өз еркімен келгеніне сенімді


Поклонный жотасындағы Путинді қолдаушылардың митингісі. 4 ақпан, 2012 жыл.
Поклонный жотасындағы Путинді қолдаушылардың митингісі. 4 ақпан, 2012 жыл.
Ресей премьер министрі Владимир Путин Поклонный жотасындағы өзін жақтаушылардың митингісіне «әкімшілік ресурстардың» қолданылуы мүмкін екенін жоққа шығармағанымен, көпшіліктің жиынға өз еріктерімен келгеніне күмәнданбайтынын айтқан.

ІІМ-нің мәліметтеріне қарағанда, Путинді қолдаушылардың жиынына 134 мыңдай кісі келген, ал Мәскеу мэрі Сергей Собянин митингке жобаланған 15 мыңның орнына 190 мың адам қатысты дейді.

Путин журналистер алдында митингке қатысушылардың мәлімделгеннен бірнеше есе көбейіп кеткені үшін акцияны ұйымдастырушылармен бірге айыппұл төлеуге дайын екенін айтқан.
XS
SM
MD
LG