Accessibility links

Египетте қақтығыстар жалғасып жатыр


Шерушілер полициядан қашып бара жатыр. Каир, 3 ақпан, 2012 жыл.
Шерушілер полициядан қашып бара жатыр. Каир, 3 ақпан, 2012 жыл.
Египетте Порт-Саидтегі футбол жанкүйерлерінің жанжалын басу кезіндегі полицияның әрекетіне наразы жұрттың полициямен қақтығысы үш күннен бері жалғасып жатыр.

Каирде наразылық білдірушілер Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдына жиналған. Полиция шерушілерді тарқату үшін пытырамен атып, көзден жас ағызатын газ қолданған. Суэц пен Александрияда да тәртіпсіздіктер болды. Кем інде 4 адам қаза болып, 2 жарым мыңнан астам кісі түрлі жарақат алған.

Шерушілер қауіпсіздік күштерін Порт-Саидтегі қақтығыстың алдын ала алмағанымен бірге, жанжалды билікті әскерилердің қолынан азаматтыққа үкіметке беру сәтін соза түсу үшін пайдаланып отыр деп айыптайды.
XS
SM
MD
LG