Accessibility links

Финляндияда президент сайлауының екінші кезеңі өтіп жатыр


Президенттік сайлаудың екінші турында бақ сынап жатқан үміткерлер – бұрынғы қаржы министрі Саули Ниинисте мен жасылдар партиясының өкілі Пекка Хависто. Олардың екеуі де еуропашыл көзқарасты ұстанады, сыртқы саясат бойынша пкірлері де ұқсас.

Сайлау қорытындысы бүгін кешке дауыс берулер аяқталысымен жариялануы тиіс.

Сайлауда жеңіске жеткен үміткер президенттік екінші мерзімін аяқтаған Тарью Хахлоненді алмастырады.

Финляндиядағы президенттік сайлаудың алғашқы кезеңі 22 қаңтарда өткен болатын.
XS
SM
MD
LG