Вашингтон Египеттің АҚШ қаржыландыратын бірнеше үкіметтік емес ұйымдарында (ҮЕҰ) жұмыс істейтін 43 адамға қатысты қылмыстық іс қозғауына алаңдаушылық білдірді.
Египет әскерилері араларында АҚШ-тың 19 азаматы бар, барлығы 43 адамды елде тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға шетел қаржысын пайдаланды деп айыптап отыр. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд АҚШ Египет жағынан бұл мәселеге орай түсінік беруді талап ететінін мәлімдеді.
Мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон "Египет дауды шеше алмаса, онда 1.5 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі қаржыдан қағылады" деп ескертті. Ал Египеттің сыртқы істер министрі Мұхаммед Әмір "үкімет сот орындарының ісіне араласа алмайтынын" айтады.