Accessibility links

Мәскеудің ядролық институтында өрт болғаны хабарланды


Кеше Мәскеудегі бұрынғы ядролық зерттеулер институтында өрт шықты деп хабарлады сондағы дереккөздеріне сілтеме жасаған мемлекеттік ИТАР-ТАСС агенттігі. Өрт кеше кешке қарай сөндірілген.

Ал Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері институтта ешқандай ашық өрт болмағанын және институттағы 60 жылдан бері жұмыс істемейтін реактордан ешқандай радиация тарау қаупі жоқ екенін баяндады.

Бірақ Ресейдің Greenpeace табиғатты қорғау ұйымы оқиғаға алаңдаушылық білдіріп отыр.
XS
SM
MD
LG