Accessibility links

ІІ Елизаветаның таққа отырғанына - 60 жыл


Ұлыбритания ханшайымы ІІ Елизавета.
Ұлыбритания ханшайымы ІІ Елизавета.
Ұлыбританияда бүгін ханшайым ІІ Елизаветаның таққа отырғанына 60 жыл толғаны атап өтіледі.

Ханшайым мерейтойына орай өзінің Ұлыбритания халқына бұдан ары да қызмет ете беретінінен мәлім етіп, өзіне қолдау көрсеткендерге алғысын білдірді.

Негізгі мерейтойлық іс-шаралар ханшайымның туған күні болатын маусым айында өтеді деп жоспарланып отыр.

ІІ Елизавета - Еуропа тарихында Ұлыбританияға 63 жыл билік жүргізген Викториядан кейінгі елді ең ұзақ басқарған ханшайым. Ол 1952 жылы 6 ақпанда әкесі VІ Георг патша қайтыс болған соң таққа отырды.
XS
SM
MD
LG