Accessibility links

Финляндияда президенті сайлауы нәтижесі шықты


Финляндияда кеше өткен президент сайлауының алдын-ала шыққан нәтижесі бойынша бұрынғы қаржы министрі, консерватор Саули Ниинисте жеңіске жетті.

Алдын-ала нәтижелерге қарағанда, Саули Ниинистеге сайлаушылардың шамамен 66 пайызы дауыс берген. Оның Жасылдар партиясынан түскен қарсыласы Пекка Хаависто аз дауыс жинаған. Екі үміткер де еуропашыл көзқарасты ұстанады және сыртқы саясат бойынша да көбіне ортақ пікірде.

Президент қызметінде Саули Ниинисте әскери сала мен сыртқы саясатта біраз билікке ие болып, қоғамдық пікірге ықпал етпек.

Президент сайлауының екінші кезеңінде жеңіске жеткен үміткер президент қызметін атқарып жатқан Тарью Халоненнің орнын басады.

Бұл елде президенттік сайлаудың алғашқы кезеңі 22 қаңтарда өткен болатын.
XS
SM
MD
LG