Accessibility links

Путин: Саяси жүйеге өзгерістер жасалады


Ресей премьер-министрі Владимир Путин.
Ресей премьер-министрі Владимир Путин.
Ресей президенттігіне үміткер премьер-министр Владимир Путин Ресейдің саяси жүйесіне өзгерістер жасайтынын жариялады.

Бүгін "Коммерсантъ" газетіне шыққан мақаласында Путин елде тікелей муниципалды сайлаулар мен жергілікті жерлерде референдумдар өткізуді қолдайтынын жазады. "Қазіргі қоғам 2000-жылдардағыдан мүлде өзгеше" деп жазған Путин думаға "елдің саяси және партиялық жүйесін дамытуға бағытталған" жобаны ұсынатынын да айтқан.

2000 және 2004 жылдары екі рет президент болып сайланған Владимир Путин үшінші мерзімге президент болмақ ниетте.

Путин 2004 жылы аймақ губернаторларын тікелей сайлау жүйесін алып тастаған. Ол бұған қоса жекелеген тәуелсіз үміткерлер мен шағын партиялардың жергілікті заң шығару органдарына сайлануын және референдум өткізуге қойылатын талаптарды қиындатты.
XS
SM
MD
LG