Accessibility links

Иран BBC-дің бірнеше тілшісін тұтқындады


BBC-дің парсы қызметінің белгісі.
BBC-дің парсы қызметінің белгісі.
Иран билігі BBC-дің парсы қызметімен байланысы бар деген күдікпен бірнеше адамды тұтқындады.

Иранның "Мехр" ақпарат агенттігінің хабарлауынша ұсталғандар BBC-ге ақпарат жіберіп отырған. Бірақ нақты қанша адамның ұсталғаны белгсіз. Ал BBC Лондонда хабарлама таратып, Иранда ешқандай тұрақты немесе штаттан тыс қызметкерлерінің жоқ екенін мәлімдеді.

Өткен аптада BBC парсы қызметінің журналистерін туыстарын қамауға алу арқылы қысым жасап, тергегені үшін Иранды айыптаған болатын.
XS
SM
MD
LG