Accessibility links

Румынияда үкімет басшысы ауысты


Румыния президенті Траян Бэсеску (оң жақта) жаңа тағайындалған премьер-министр Михай Разван Унгурянуді парламентте таныстырып тұр. Бухарест, 6 ақпан 2012 жыл.
Румыния президенті Траян Бэсеску (оң жақта) жаңа тағайындалған премьер-министр Михай Разван Унгурянуді парламентте таныстырып тұр. Бухарест, 6 ақпан 2012 жыл.
Румыния президенті Траян Бэсеску отставкаға кеткен премьер Эмиль Боктың орнына сыртқы барлау қызметінің басшысы Михай Разван Унгурянуді жаңа премьер-министр етіп тағайындады.

Эмиль Бок кеше "елдегі саяси және әлеуметтік ахуалды шиеленістірмеу үшін" отставкаға кеткен болатын. Ол телеарнадан үкіметтің қатаң экономикалық шараларды енгізуіне халық бірнеше күннен бері жаппай наразылық танытып жатқандықтан отставкаға кететінін жариялады.

Эмиль Бок үкіметті басқарған кезінде Еуроодақ елдеріндегі қаржы дағдарысы жағдайында Румыния экономикасын сақтап қалу үшін ең қажетті шараларды жасағанын, бірақ оны көпшіліктің қолдай қоймағанын баяндады. Ол өзі премьер болған уақыт ішінде жоғарыда айтылған қатаң шаралардың арқасында Румынияның 2011 жылы Еуроодақ мемлекеттерінің арасында ең жоғары экономикалық өсімге қол жеткізгенін айтты.

Унгурянуға жаңа үкіметті жасақтауға және парламенттің сеніміне ие болуға он күн уақыт берілді.
XS
SM
MD
LG