Accessibility links

Грекия Түркиямен шекараға қоршау салады


Грекия мен Түркия шекарасында салына бастаған қоршау құрылысы. Көрнекі сурет.
Грекия мен Түркия шекарасында салына бастаған қоршау құрылысы. Көрнекі сурет.
Грекия кеше Түркиямен арадағы шекарасына Еуроодаққа заңсыз мигранттарды өткізбеу үшін қоршау сала бастады.

Қоршаудың ұзындығы 12 шақырым, биіктігі екі жарым метр болмақ. Үстінен екі қатар сым темір тартылып, 25 жерден бейнекамера орнатылады. Қоршау бес айда салынып бітеді деген болжам бар. Оның құрылысына 3 миллион еуро жұмсалады.

Грекия мен Түркияның 150 шақырымдық ортақ шекарасы бар. Оның басым көпшілігі Эврос өзені бойымен өтеді. Сондықтан қоршау екі елдің құрлықтағы шекарасында және кесіп өтуге оңай жерлерде салынады.

Бірақ Еуроодақ Грекияға қоршау салу заңсыз миграцияны шешудің тиімді тәсілі болмайтынын ескертті.
XS
SM
MD
LG