Accessibility links

Кентауда екінші қазандық жылу бере бастады


Бүгін Кентау қаласындағы жылу беру орталығындағы екінші қазандық іске қосылды деп хабарлады қала әкімі Нұржігіт Қалмұрзаевқа сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Қолмұрзаев қаланың жылу беру құбырларына су 15 градус жылылықпен жіберіліп жатқанын растаған. Бұған дейін істен шыққан алты қазандықтың біріншісі кеше түнде қосылған болатын.

Ақпанның 3-інен 4-іне қараған түні 30 градустық аязда қалада жылу беру орталығында апат болып, барлық қазандықтар жылу беруді тоқтатқан болатын. Ал кеше қалаға төтенше жағдайлар жөніндегі министр Владимир Божко келіп, апат салдарын жою жұмыстарын өз бақылауына алды.
XS
SM
MD
LG