Accessibility links

Чехияда президентті халық сайламақ


Чехия парламенті конституцияға президентті парламент емес, бүкілхалықтық сайлау жолымен анықтау туралы өзгеріс енгізуді мақұлдады.

Парламенттің жоғары палатасы - сенат депутаттарының басым көпшілігі қолдаған өзгеріске сай, президентті енді халық екі кезеңнен тұратын сайлау жүйесімен бес жылға сайлайды. Бұған қоса, президент екі мерзімге ғана сайлана алады.

Егер сайлаудың бірінші кезеңінде ешбір үміткер 50 пайыздан көп дауыс жинай апмаса, онда өзгелерінен жоғары дауыс алған екі үміткер екінші кезеңде сайлауға түседі. Келесі прзидент сайлауы 2013 жылдың басында өтеді.

Бұған дейін президентті парламент сайлап жүрген кезде депутаттар арасында саяси дау жиі туындай бергендіктен, сайлау туралы заңнаманы өзгертуге тура келді.

Екі рет сайланған қазіргі президент Вацлав Клаустың мерзімі 2013 жылдың басында аяқталмақ.
XS
SM
MD
LG