Accessibility links

Жоғарғы Рада Тимошенконың босатылуын қолдамады


Украина Жоғарғы радасындағы "Батъкивщина" партиясынан сайланған депутаттар Юлия Тимошенконы қолдап, трибунаға барар жолды жауып тастады. Киев, 13 қаңтар 2012 жыл.
Украина Жоғарғы радасындағы "Батъкивщина" партиясынан сайланған депутаттар Юлия Тимошенконы қолдап, трибунаға барар жолды жауып тастады. Киев, 13 қаңтар 2012 жыл.
Украина парламенті бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенконы түрмеден босатуды қарастыратын екі заң жобасын мақұлдамады.

Заң жобасы мақұлдану үшін Жоғарғы Раданың кем дегенде 226 депутаты қолдауы тиіс болатын. Бірақ "қызмет бабына сыра пайдаланды" деген айыппен өткен жылдың қазанында жеті жылға сотталған Тимошенконы босатуды қолдап тек 155 депутат дауыс берді.

Кеше ресми сапармен Киевке келген Польшаның сыртқы істер министрі Радослав Сыкорский Тимошенконың сотталуына байланысты Еуроодақтың Украинаға деген сенімі жоғалып бара жатқанын ескертті.
XS
SM
MD
LG