Accessibility links

Беларусь белсендісі Нобель сыйлығына ұсынылды


Сотталған беларусьтік құқық қорғаушы Алесь Беляцкий.
Сотталған беларусьтік құқық қорғаушы Алесь Беляцкий.
Словакияның премьер-министрі Ивета Радичова сотталған Беларусь белсендісі Алесь Беляцкийді 2012 жылдың Нобель сыйлығына ұсынды.

Минскідегі "Весна" адам құқықтарын қорғау орталығының жетекшісі Беляцкий өткен жылдың қарашасында салық төлеуден жалтарды деген айыппен төрт жарым жылға сотталған. Беляцкийге мұндай айып тағылуына оның Литва мен Польшада ашқан банктік есеп шоттары себеп болды. Құқық қорғаушы бұл шоттарды Беларусьте адам құқықтарын қорғауға бөлінген халықаралық қорлардың қаржысын алу үшін пайдаланып келген болатын. Ол өзін кінәлімін деп есептемейді.

Өткен айда Польша мен Украина парламенттерінің бір топ депутаты Беляцкийді Нобель сыйлығына ұсынған болатын. Ирандық танымал құқық қорғаушы Ширин Эбади да мұны қолдаған еді.
XS
SM
MD
LG