Accessibility links

Израилда ереуілді тоқтатуға келісім жасалды


Кәсіподақтар мен қаржы министрлігінің басшылары елде 5 тәулікке жалғасқан жалпыұлттық ереуілді тоқтату келісіміне қол жеткізді.

Бес күн бойына мемлекеттік мекемелер мен банктердің, көлік тасымалы мен ауруханалардың жұмысында іркіліс болды, кәсіподақтар осы салаларда қызметке контрактімен алынатындардың көбейіп кеткеніне наразылық танытқан еді.
Делдалдар арқылы жалданып, контрактімен жұмыс істейтіндерге жұмыс берушімен тікелей келісім-шарт жасасатын израилдықтардан гөрі төмен жалақы төленеді және оларға әлеуметтік жеңілдіктер де аз жасалады.

Ереуіл өткен сәрсенбіде басталған болатын. Сарапшылардың бағалауынша ереуіл салдарынан ел экономикасы күн сайын 100 миллион доллар шығын тартқан.
XS
SM
MD
LG