Араб лигасы БҰҰ-ға өтініш айтып, қантөгісті тоқтату үшін Сирияға бейбітшілік сақтау күштерін кіргізуге шақырды.
Кеше Каирде кездескен Араб лигасы елдерінің сыртқы істер министрлері бұған қоса Сирия оппозициясын бірігуге шақырып, қолдау танытты. Араб лигасы Сирияға бақылаушыларын жіберу мәселесін де қайта талқылады.
Бұған дейін, Тунис 24 ақпанда Сирия мәселесін талқылау үшін араб елдері және басқа да мемлекеттер қатысатын "Сирияның достары" деп аталатын жиын өткізетінін мәлімдеген болатын. Ал "әл-Қаида" жетекшісі Айман әл-Зауахири сириялықтарды билікке қарсы күресте Батыс елдеріне немесе араб елдері үкіметтеріне сүйенбеуге шақырды.