Accessibility links

Қытай: Иран МАГАТЭ-мен ынтымақтасқаны жөн


Қытай сыртқы істер министрінің көмекшісі Ма Чжаосюй.
Қытай сыртқы істер министрінің көмекшісі Ма Чжаосюй.
Иранға екі күндік сапармен келген Қытай сыртқы істер министрінің көмекшісі Ма Чжаосюй Тегеранды МАГАТЭ-мен барынша ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырды.

Пекин "Чжаосюй бұл сапарында Тегеранның ядролық бағдарламасымен танысады" деп хабарласа, Батыс елдері "ол ядролық қару жасау мәселесін талқыламақ" деп күдіктенеді.

Ал Ма Чжаосюйдің өзі ядролық бағдарлама мәселесін Иранның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы кеңесі төрағасының орынбасары Әли Бакеримен "ашық түрде талқылайтынын" мәлімдеді.

Қаңтардың соңында Ұлыбритания, Қытай, Франция, Германия, Ресей және АҚШ елдері Иранның ядролық бағдарламасын тоқтату турасындағы келіссөздерді қайта бастауға дайын екендіктерін айтты. Бірақ олар Тегеранның "келіссөздерге шын ықыласпен келуін" талап етті.
XS
SM
MD
LG