Accessibility links

Бахрейндегі бүкілхалықтық шерулерге - бір жыл


Бүгін Бахрейн белсенділері өткен жылғы демократиялық шерулердің бір жылдығын атап өтіп жатыр.

Кеше ел астанасы Манамада көпшілігі шиғалардан тұратын белсенділер орталық алаңды басып алмақ болған. Бірақ полиция оларды көзден жас ағызатын газ қолданып, қуып таратты. Кейбір демонстранттар полицияға жанғыш сұйықтығы бар құмыра лақтырып, қарсылық көрсетті.

2011 жылы ақпанның 14-і Тунисте басталған "араб көктемінің" әсерінен Манамада наразылар алаңға шығып, бір ай шеруде тұрған. Полиция мен демонстранттардың қақтығысынан полицияны қосқанда 35 адам қаза тауып, наурызда үкімет елде әскери тәртіп жағдайын енгізді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG