Accessibility links

Қытай төрағасының орынбасары АҚШ-қа барды


АҚШ президенті Барак Обама мен ҚХР төрағасының орынбасары Си Цзиньпин кездесті. Вашингтон, 14 ақпан 2012 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама мен ҚХР төрағасының орынбасары Си Цзиньпин кездесті. Вашингтон, 14 ақпан 2012 жыл.
Қытай төрағасының орынбасары Си Цзиньпин ресми сапармен АҚШ-қа келді. Вашингтонда ол президент Барак Обама, вице-президент Джо Байден және қорғаныс министрі Леон Панеттамен кездесті.

Кездесуде екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасы, Қытайдың адам құқықтары мәселесі сөз болды.

Барак Обама екі елдің экономикалық қарым-қатынасының әлемдік деңгейде маңызы бар екенін айтқанмен, Қытайдың халықаралық сауда ережесін жиі бұзып, интеллектуалдық табыстарды ұрлайтынына алаңдаушылық білдірді. Обама осы тұрғыда Бейжіңге "ережемен жүру керек" деп ескертті.

АҚШ президенті Қытайдағы адам құқықтары (шағын ұлттардың, оның ішінде ұйғырлар мен тибеттіктердің құқықтары) бұзылып жатқанын сынады. Бірақ Си Цзиньпин кездесуде Қытайдың соңғы 30 жылда "адам құқықтарын сақтау саласында үлкен жетістіктерге жеткенін" айтып, Бейжіңнің АҚШ және басқа да елдермен осы салада "конструктивті диалог орнатуға әзір екенін" хабарлады.

Екі жақты кездесулерде Иран мен Сирия мәселесі де де талқыланды.

58 жастағы Си Цзиньпин 2013 жылы Қытайда билік басына келеді деген болжам бар.
XS
SM
MD
LG