Сириядағы адам құқықтарын қорғау ұйымдары президент Башар әл-Асадқа жақтас күштер Хама қаласына шабуыл жасады деп хабарлады.
Олардың айтуынша, үкімет күштері тұрғын үйлер орналасқан аудандарды беренді техникадан және мобильді зениттік құрылғыдан атқылаған. Бірақ бұл мәлімет толық расталмай отыр.
Үкімет әскері сонымен қатар Хомс қаласына да осымен 13 күн бойына шабуыл жасауын тоқтатпай отырғаны хабарланды.
Ал Египет БҰҰ Бас ассамблеясына Сирияға қатысты жаңа қарар ұсынды. Қарар Башар әл-Асад режимін адам құқықтарын бұзып отырғаны үшін айыптап, Араб лигасының әл-Асадты орнынан кетіру жоспарын қолдайды.
Франция сириялықтарға көмек көрсету ұйымдарына арнап бір миллион еуро бөлетінін мәлімдеді.