Accessibility links

"Алға" белсендісі Алматыда пикет өткізді


Бүгін тіркелмеген "Алға" партиясының белсендісі ҰҚК-нің Алматыдағы тергеу абақтысының алдында қамаудағы партия жетекшісі Владимир Козловқа киім, тамақ басқа да керек-жарақтарды беріп жіберуге рұқсат беруді талап етіп, пикет өткізді. Бұл туралы Азаттық тілшісіне партия белсендісі Ерлан Қалиев хабарлады.

Белсенді Мұхтар Жиенбаев қолына "Козловқа зат жіберуге рұқсат беруді талап етеміз!" деген жазуы бар плакат ұстаған.

"Акцияға журналистер көп келді, содан болар, Жиенбаевты ұстап әкеткен жоқ" дейді Қалиев.

Ол осындай пикеттің ақпанның 17-сіне дейін, тағы екі күн болатынын айтты.

Владимир Козловқа қаңтардың 26-сында Алматы қаласы, Алмалы ауданының соты "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айып негізінде тергеу мерзімі аясында екі айға қамау туралы санкция шығарған. Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова абақты қызметкерлерінің күйеуіне апарған киім-кешек, тамақты қабылдамайтынын айтып шағымданған болатын.
XS
SM
MD
LG