Бүгін түске қарай ҰҚК Алматы департаменті алдында тіркелмеген "Алға" партиясының белсендісі Ерлан Қалиев пикет өткізді. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Қалиевтің өзі хабарлады.
Ерлан Қалиев пикетте "Козловқа зат жіберуге рұқсат беруді талап етеміз!" деген жазуы бар плакат ұстаған. Ол акция партия жетекшісі Владимир Козловтың киім, тамақ және қажетті заттарды қабылдап алу құқынан айырылғанына қарсылық ретінде өткізіліп отырғанын айтады.
Акцияға журналистер мен қарапайым адамдар да келген.
Партия белсенділері Козловқа зат жөнелтуге рұқсат бермейінше осындай акцияларды өткізе беретінін айтады.
Кеше де тағы бір партия белсендісі Мұхтар Жиенбаев осындай пикет өткізген болатын.