Ресейдің федералдық әскери-техникалық ынтымақтастық қызметінің басшысы Михаил Дмитриев 2011 жылы Қытайдың бәсекелес болғанына және бірқатар араб елдеріне экспорттың тоқтап қалуына қарамастан Мәскеудің қару-жарақ сатудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізгенін хабарлады.
Дмитриевтің айтуынша, Ресей өткен жылы шет мемлекеттерге 13.2 миллиард АҚШ долларының қару-жарағын сатқан. Экспортқа шыққан қару-жарақтың жартысы Үндістан, Алжир және Вьетнам сатылған. Ресейдің ең ірі қару-жарақ импортерлерінің бірі - Сирия 5 миллиард АҚШ долларына қару сатып алған.
Ақпанның басында Ресейдің қару-жарақ экспортының 80 пайызын жүзеге асыратын мемлекеттік "Рособоронэкспорт" компаниясы өткен жылы БҰҰ Муаммар Каддафи кезіндегі Ливияға қару-жарақ сатуға эмбарго қойғандықтан миллиардтаған қаржы жоғалтқанын мәлім еткен еді.
Ресей әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші ірі қару-жарақ экспорттаушы ел.