Accessibility links

Ресейдің шеткері аймақтарында сайлау басталды


Бүгін Ресейдің шеткері аймақтарындағы кейбір жерлерде 4 наурызға белгіленген мерзімінен бұрын президент сайлауына ерте дауыс беру басталды.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, дауыс беру Қиыр Шығыс, Сібір, Орал таулары, солтүстік аймақтардағы 36 елді мекенде өтпек.

Бүгіннен басталатын дауыс беруге солтүстік аймақтардағы бұғышылар, теңіздердегі маяк операторлары мен Арктика зерттеушілері қатысады. Сайлау комиссиясы бұл топ Ресейдегі жалпы сайлаушылардың бір пайызынан аз екенін айтады. Бірақ сайлау учаскелері ол аймақтарға тікұшақ, аэрошаналар арқылы баратындықтан, ұйымдастыру қымбатқа түспек.

Ерте дауыс беру наурыздың 3-інде аяқталады.
XS
SM
MD
LG