Accessibility links

Қазақстанның батысында жолдар жабылды


Қалың қар басқан көшеде келе жатқан әйел. (Көрнекі сурет)
Қалың қар басқан көшеде келе жатқан әйел. (Көрнекі сурет)
Бүгін ауа-райының қолайсыздығынан Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жолдар жабылды деп хабарлайды көлік және коммуникация министрлігі ресми веб-сайтында.

Министрліктің хабарламасы бойынша, Маңғыстау облысындағы Жетібай – Жаңаөзен - Фетисово – Түркменстан шекарасы автожолының Жетібай – Жаңаөзен (82-145 км) учаскесінде, Доссор – Кұлсары – Бейнеу - Сай Өтес – Шетпе – Жетібай - Ақтау автожолының Жетібай – Шетпе – Сай Өтес (420-515 км) учаскесінде жол жабық.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Казталовка – Жәнібек – Ресей Федерациясы шекарасы автожолының Казталовка – Жәнібек учаскесінде және Чапаево – Жалпақтал – Казталовка – РФ шекарасы автожолында (0-213 км) да жол жабылған. Министрлік осыған орай тұрғындардан ауа-райы жақсарғанша жолға шықпау керегін ескертеді.

"ҚазТАГ" агенттігінің хабарлауынша, Атырау-Ақтөбе автожолында, Доссор-Байшұнас автожолының 27 және 30-шақырымдарында қарға малтығып қалған 18 көлік пен 25 адам құтқарылған.

Жаманқұдық-Базаршолпан автожолы мен Чапаев-Жаңақала-Сайхин автожолының 84-88 шақырымдарында жолда қалған 19 көліктегі 63 адам құтқарылған.
XS
SM
MD
LG