Accessibility links

Бакуде жарылған кеменің Қазақстандікі екені хабарланды


Бакуде өрт сөндірушілер жарылыс болған кемедегі өртті өшіріп жатыр. Әзірбайжан, 16 ақпан 2012 жыл.
Бакуде өрт сөндірушілер жарылыс болған кемедегі өртті өшіріп жатыр. Әзірбайжан, 16 ақпан 2012 жыл.
Бакуде кеше жарылған кеме қазақстандық "Сара" компаниясына тиесілі болуы мүмкін деп хабарлады Әзербайжанның мемлекеттік теңіз әкімшілігіне сілтеген "ҚазАқпарат" агенттігі.

Азаттық радиосының Әзербайжан қызметі кеше, ақпанның 16-сында Бакудің Хатаи ауданы Зых кентіндегі айлақтардың бірінде балық аулайтын ескі кемеде жарылыс болып, төрт адамның қаза тапқанын хабарлаған. Жарылыстан соң кеме өртенген. Жарылыстың неден болғаны әзірге белгісіз.

Азаттық тілшісі мән-жайды білмек болып, Қазақстан сыртқы істер министрлігіне хабарласқан еді. Министрлік өкілі бұл жайлы білмейтінін, қазір Әзербайжанға хабарласып, анықтап жатқанын айтты.

Оқиғаға байланысты Әзербайжан қылмыстық кодексі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
XS
SM
MD
LG