Accessibility links

Бішкек Ресей жалдайтын әскери нысандар құнын қайта қарамақ


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев бүгін Ресейден Қырғызстан аумағында әскери базаны жалға алу құнын қайта қарауды талап ететінін мәлімдеді.

Ош университетінде студенттермен кездескен Атамбаев өзіне "Ресейден ақша алып отыр" деген сынның жиі тағылатынын айтып, алдағы күндері Мәскеуде Ресей басшылығымен кездесуде әскери нысандарға төленетін соманы арттырау турасында сөйлесетінін айтты.

Қырғызстанда Ресейдің қашықтан басқарылатын коммуникациялық орталығы, Ыстықкөл көлінде торпедоны сынақтан өткізетін базасы және Жалал-Абад облысында сейсмологиялық станциясы бар.

Қырғызстанда Бішкекке жақын Манас халықаралық әуежайында АҚШ жалға алған әскери база да бар.
XS
SM
MD
LG