Accessibility links

Таиландта хлордан уланған 30 турист ауруханаға түсті


Таиландтың Пхукет аралындағы шипажайда хлордан уланған 30-дан астам турист ауруханаға жатқызылған, олардың көпшілігі шетелдіктер болған.

Төтенше жағдай Карон жағажайындағы қонақ үйдің бассейніндегі суды дезинфекциялау барысында химиялық заттарды шамадан тыс қолдану салдарынан болған. Зардап шеккендердің көздері мен терілеріне зақым келген.

Барлығы ауруханаға 37 турист түсті, олардың 26-сы шетелдік азаматтар болған екен. Оншақтысы қажетті ем қабылдаған соң аурурханадан шығарылған.
XS
SM
MD
LG