Қытай сыртқы істер министрінің орынбасары Чжай Цзюн жылға жуық уақыттан бері оппозиция отставкаға кетуін талап етіп жатқан Сирия президенті Башар әл-Асадпен Дамаскіде келіссөздер өткізгеннен кейін, қақтығысты жалғастырып жатқан екі жақты да қантөгісті тоқтатуға шақырған мәлімдеме жасады. Өз сөзінде Чжай Цзюн Сирияда зорлық-зомбылықтың өршіп тұрғанына Қытай алаңдаушылық танытады деп атап көрсетті.
Осы аптада Қытай Ресей және басқа да бірнеше елмен бірге БҰҰ Бас ассамблеясының Сирияда адам құқтарының бұзылып жатқандығын айыптайтын қарарына қарсы дауыс берген болатын.
Одан бұрын Бейжің мен Мәскеу БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің осы мазмұндас қарарына вето қойған еді.
Жұма күні Сирия азаматтық белсенділері Асад режиміне қарсылықтың орталығы болып қалған Хомс қаласында тағы да жаппай атқылаудың болғанын хабарлады.