Жұма күні Жаңаөзендегі мұнайшылар белсендісінің тағы бірі Естай Қарашаевтың үйінде ҰҚК-ң қызметкерлері тінту жүргізіп, өзін ұстап алып кеткен.
Бұл жөнінде сенбі күні Азаттық радиосына оның әйелі Гүлзира Қарашаева телефон арқылы хабарлады. Гүлзира күйеуіне қандай айып тағылып отырғанын білмейді, тек оның үш күнге қалалық ІІД-нің тергеу абақтысына қамалғанынан хабардар.
«Бүгін Естайға тамақ апарып бердім, ал өзімен кездестірген жоқ»,- деді Гүлзира Қарашаева.
16 желтоқсан күнгі Жаңаөзен оқиғасынан кейін мамыр айынан бері ереуілдеген мұнайшылардың 16 белсендісіне іздеу жарияланып, олардың тізімі қаланың көрнекі жерлеріне ілінгені жөнінде Азаттық радиосы хабарлаған болатын. Бұған дейін сол тізімдегі бұрынғы мұнайшылардың бірқатары қамауға алынғаны белгілі.
Осы аптада Жаңаөзен әкімдігіне екі рет барған әйел-аналар қаланың орталық алаңында ақпанның 25-інде шеру өткізуге өтініш тапсырды. Бейбіт шерудің негізгі екі талабы - Жаңаөзен оқиғасына қатысты тұтқындалғандарды босату және тәртіпсіздік жасады деп қуғындауды тоқтату. Ол оқиға кезінде «өрт қойып арандатуды шенеуніктер ұйымдастырды» дейді жаңаөзендіктер.