Accessibility links

«Потеряевский» шахтасындағы кеншілер құтқарылды


Алтай аймағындағы Рубцовск қаласына жақын жердегі «Потеряевский» руднигінде құлаған кен астында қалған үш кеншінің де аман-есен құтқарылғаны хабарланды.

Кен қатпарларының қопарылуы бүгін таңертеңгі ауысым басталған кезде шамамен 100 метр тереңдікте болған. Апаттан кейін шахтадан 96 кенші өз күштерімен жер бетіне көтеріле алған, ал үшеуі үйінділер астында қалып қойған.

Аймақтық төтенше жағдайлар басқармасы қазір апат салдарының жою жұмыстарының жүргізіліп жатқанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG