Accessibility links

Афиныда мыңдаған адам бюджетті үнемдеуге қарсылық танытып, кеше тағы да шеруге шықты.

Ал Грекия премьер-министрі Лукас Пападемос Брюссельге - Еуроодақ елдерінің қаржы министрлерімен кездесіп, Грекияға берілетін 130 миллиард еуро несиенің бір бөлігін алу жайын талқылауға кеткен.

Грекия қаржы дағдарысына ұшырамас үшін 20 наурызға дейін халықаралық валюта қоры (ХВҚ) мен Еуроодақ, Еуропалық банк ұсынған траншты алуы керек. Бұл үшін Грекия халықаралық ұйымдар қойған талаптарды орындауы тиіс.

17 ақпанда телефон арқылы сөйлескен Германия, Италия және Грекия басшылары ХВҚ мен Еуропалық банкпен қажетті келісімдерге бүгін қол қойылады деген сенім білдірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG