Accessibility links

Иранның әрекеті мұнай бағасын қымбаттатты


Бүгін Иран Ұлыбритания мен Францияға мұнай импорттауды тоқтататынын мәлімдеген соң мұнай бағасы соңғы тоғыз айда болмаған көрсеткішке қымбаттады.

Азия нарығында бүгін мұнайдың бір баррелінің бағасы өткен жылдың мамырынан бергі ең жоғары баға - 105 АҚШ долларына жетті.

Иран мұнай министрлігі бүгін Еуропа Одағының Иранның орталық банкінің қызметіне шектеу қойып, 1 шілдеден бастап Иран мұнайына эмбарго қоюына жауап ретінде Ұлыбритания мен Франция компанияларына мұнай сатуды тоқтатқанын хабарлады.

Сарапшылар бұл екі ел Ираннан көп мұнай импорттамайтынын, бірақ Еуропа Одағының өзге мемлекеттері Иран мұнайына кәдімгідей тәуелді екенін айтады.
XS
SM
MD
LG