Accessibility links

ЖСДП Жаңаөзен филиалы жетекшісін босатуды талап етті


ЖСДП партияның Жаңаөзен қалалық филиалының жетекшісі Естай Қарашаевты және Жаңаөзен оқиғасына байланысты қамалған басқа да оппозиция өкілдері мен белсенділерді дереу босатуды талап етеді.

Партия таратқан мәлімдемеде құқық қорғау органдарының Қарашаевтың үйіне тінту жасап, ұстап әкетуі, үш күнге қамауы бұған дейін "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов, белсенді Серік Сапарғали, Айжангүл Әмірова және журналист Игорь Винявскийді қудалау тәсілдерімен бірдей делінеді.

Бүгін кешке оны қамауға алу мерзімі бітеді. Бірақ партия оны тағы екі ай мерзімге қамап тастауы мүмкін деп қауіптенеді.

Азаттық тілшісі хабарласқан партияның Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Жәнібек Қожықтың айтуынша, Естай Қарашаев қамалғанға дейін Жаңаөзен оқиғасы бойынша іске куә ретінде шақырылған.

Өткен жылдың қазан айында Stan.tv бейнепорталының 2 тілшісі - журналист Өркен Бисенов пен телеоператор Асан Амилов, Естай Қарашаев Жаңаөзенде белгісіз біреулер атқан резеңке оқтан жарақат алған еді.
XS
SM
MD
LG