Accessibility links

Медведев: Саяси жүйені реформалау керек


Ресей президенті Дмитрий Медведев оппозиция өкілдерімен кездесуде. Мәскеу, 20 ақпан 2012 жыл.
Ресей президенті Дмитрий Медведев оппозиция өкілдерімен кездесуде. Мәскеу, 20 ақпан 2012 жыл.
Ресей президенті Дмитрий Медведев кеше тіркеуге алуға рұқсат берілмеген партия өкілдері, оппзиция жетекшілерімен кездесті. Кездесуде саяси партияларды тіркеу тәртібін жеңілдету мәселесі және басқа да саяси реформалар жасау жайы талқыланды.

Кездесуде желтоқсандағы парламетн сайлауында бұрмалаушылықтар болды деп жаппай наразылық акцияларын ұйымдастыруға көмектескендер де қатысты.

Оппозицияны тыныштандыруға тырысқан Дмитрий Медведев пен премьер-министр Владимир Путин саяси бәсекелестікке жол ашатын реформалар жасауды ұсынды.

Ресей оппозициясының жетекшісі Борис Немцов кездесуден соң журналистерге Медведевке 37 саяси тұтқынның тізімін жіберіп, оларға рақымшылық жасауға шақырған. Тізімде Михаил Ходорковскийдің де аты бар. Немцов Медведевті президенттікке жалғыз адамның ғана түсуіне тыйым салуды да ұсынды.

Кездесу Ресейде наразылық шерулері басталғаннан бергі Кремль мен оппозиция арасында жоғары деңгейде өткен тұңғыш келіссөз болды.
XS
SM
MD
LG