Accessibility links

Козловтың әйеліне қорғаушы болуға рұқсат берілмеді


Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова.
Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова.
Бүгін Алматы қаласы, Алмалы аудандық соты Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекованың өзін күйеуіне қорғаушы етуге берген өтінішін қанағаттандырмады. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Әлия Тұрысбекованың өзі хабарлады.

Тұрысбекованың айтуынша, бұған дейін тергеушілер оған Козловқа қорғаушы болуына рұқсат бермей қойған.

Әлия Тұрысбекованың айтуына қарағанда, бұған дейін ҰҚК мен прокуратурадан Еуропарламент депутаты Петр Бориске Тұрысбековаға күйеуіне қорғаушы болуға рұқсат берілетіні жайлы айтқан.

Владимир Козловты қаңтардың 26-сында Алматы қаласы Алмалы аудандық соты Жаңаөзен оқиғасына қатысты "әлеуметтік жік туғызды" деген айыппен тергеу аясында екі айға қамауға шешім шығарды.
XS
SM
MD
LG