Accessibility links

Евгений Жовтис үйіне оралды


Түрмеден босап шыққан құқық қорғаушы Евгений Жовтис бүгін Өскеменнен Алматыға келді.

Евгений Жовтистің әйелі Светлана Витковская Азаттық радиосына күйеуінің үйге аман-есен оралғанын хабарлады. Евгений Жовтисті Алматы әуежайында құқық қорғаушылар, журналистер қарсы алған.

Қазақстандық адам құқықтары жөніндегі бюроның директоры Евгений Жовтис 2009 жылы абайсызда көлікпен адам қағып өлтіргені үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ақпанның 17-сінде Евгений Жовтис рақымшылық заңына сай мерзімінен бұрын босап шықты.

AzattyqTV

АҚШ және Ресей (СССР) лидерлері саммиттері
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:23 0:00
АҚШ пен Ресей

Лидерлер саммиті

XS
SM
MD
LG