Accessibility links

Вадим Курамшиннің ісі


Құқық қорғаушы Вадим Курамшин. 16 наурыз 2011 жыл.
Құқық қорғаушы Вадим Курамшин. 16 наурыз 2011 жыл.

Қоғам белсендісі Вадим Курамшиннің түрмеге қамалғанына бір айдан асты. Ол Тараз қаласындағы тергеу абақтысында сот үкімін күтіп отыр. Қалыңдығы Жанна Байтелова «тергеу абақтысының басшылары біздің некеге тұруымызға кедергі келтіріп отыр» дейді.


Жанна Байтелованың айтуынша, Вадим Курамшин 2012 жылы ақпанның 10-ы күні тұтқындалды. Сол күнгі тергеу тоғыз сағатқа созылған. Қазір Курамшинге оның адвокаты Ермек Әбдіқұлов қана кіре алады. Бірақ Әбдіқұлов та, Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау бюросының Тараз қаласындағы өкілі Халидов та Курамшин ісі бойынша қандай да бір түсініктеме беруден бас тартып отыр. «Олардың айтуынша, Вадимнің жағдайы жаман емес» дейді Жанна Байтелова.

2010 ЖЫЛДЫҢ ЖАЗЫ

Қоғам белсендісі Вадим Курамшин бұрын екі рет сотқа тартылған. Оның аты қазақстандықтарға 2010 жылдың жазынан бастап танылды. Ол бұл кезде екінші рет түрмеден шыққан еді. «Саяси бап» бойынша сотталған Курамшин қамаудан
Құқық қорғаушы Вадим Курамшин (сол жақ шетте) АК - 159/20 колониясындағы сотталушылармен әңгімелесіп тұр. Шахтинск, 24 маусым 2011 жыл.
Құқық қорғаушы Вадим Курамшин (сол жақ шетте) АК - 159/20 колониясындағы сотталушылармен әңгімелесіп тұр. Шахтинск, 24 маусым 2011 жыл.
шыққан соң, құқық қорғаушы ретіндегі белсенді қызметін бастады. Ол 2010 жылы Қазақстан түрмелерінде болған бүліктер кезінде сотталғандардың құқын қорғаумен айналысты. Қазір оның өзі қайтадан темір торға қамалып отыр.

Вадим Курамшинді қазір Қазақстан азаматтарының көбі біледі. Бұл оның түрмеде қамалғандардың құқын қорғаумен айналысқандығынан ғана емес. Оның өзі де қамауда жатқанда түрлі азаптауларды басынан кешті. Бұл туралы ол БАҚ-та көп жазып, көп айтты.

Курамшин ішкі істер министрлігінің (ІІМ) қылмыстық атқару жүйесі комитеті қызметкерлерімен және өзі «екіжүзді», «келісімпаз» деп санайтын кейбір құқық қорғаушылармен үнемі күресіп келеді. Ал оның қарсыластары Курамшиннің бұрын сотталғанын барынша жаман жағынан көрестуге, тәуелсіз азаматтық ұстанымының астарында қылмыстық топқа қызмет ету жатқанын дәлелдеуге тырысып келеді.

Курамшин соңғы жылдары Орталық және Солтүстік Қазақстан аймақтарындағы түрмелерде болған бүліктер кезінде қамаудағылардың құқын қорғаумен айналысты. Бұл түрмелерде жұмбақ жағдайда бірнеше жаза өтеуші қаза тапқан еді. Қамаудағылар түрмелерде адам құқы өрескел бұзылатыны туралы ақпаратты қоғамға жария етуге тырысқандары үшін асқан қатігездікпен басып-жаншылды.

"БАРРИКАДА МАХАББАТЫ"

Жанат Байтелованың айтуынша, түрме басшылығы оның аяғы ауыр екеніне қарамастан, түрлі желеумен Вадим Курамшин екеуінің некеге тұруына кедергі жасап отыр. Бірақ Байтелова өзінің аяғы ауыр екенін айтуға аса құлықты емес, ол
Игорь Винявскийді қорғау комитетінің өкілі Жанна Байтелова ҰҚК тергеу абақтысының алдында наразылық шарасын өткізіп тұр. Алматы, 20 ақпан 2012 жыл.
Игорь Винявскийді қорғау комитетінің өкілі Жанна Байтелова ҰҚК тергеу абақтысының алдында наразылық шарасын өткізіп тұр. Алматы, 20 ақпан 2012 жыл.
өзінің жағдайын «сырқатпын» деп түсіндіргісі келді. Ол Курамшиннің қамалуына қарсы наразылық шараларын жалғастырып келеді. Өткен аптадағы аязға қарамастан «Взгляд» газетінің бас редакторы Игорь Винявскийдің босатылуын талап етіп Алматыдағы ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) түрмесі алдында өткен наразылық пикетіне де қатысты.

Жанна мен Вадим бір-бірімен осындай азаматтық акциялар кезінде танысты. Ол кезде екеуі де түрлі оппозициялық ұйымдардың мүшесі еді. Бір-бірінің азаматтық көзқарастарын ұнатып, көңіл қосқандар - Алматыда Жанна Байтелова мен Вадим Курамшин ғана емес.

Байтелова да осы уақытқа дейін түрлі наразылық шараларына қатысқаны үшін әлденеше рет әкімшілік жазаға тартылған. Сондай наразылық акциясының бірі – Алматы қаласы сотының алдына малдың қиын лақтырған ерекше шара болатын. 2011 жылы тамыз айында Жанна кезекті акцияға қатысқаны үшін тұтқындалып, 14 тәулік қамауда отырып шыққанда Вадим оны түрме қақпасынан гүлмен қарсы алды.

Азаттық радиосына берген сұхбатында Жанна Байтелова Вадим екеуінің некеге отыруы неге қиындап кеткенін туралы:

- СИЗО орналасқан аймақта неке тіркеу мекемесі бар. Тараз қаласындағы АХАЖ бөліміне Вадим де, мен де тиісті арызды жаздық. Бірақ біз бұл арызды некеге тіркеу мекемесіне өткізе алмаймыз. Себебі, түрме басшылығы арызды Вадим өз қолымен жазғанына қарамастан, «оны шын мәнінде Вадимнің өзі жазғанын не жазбағанын» тескереміз деп отыр. Енді арызды сараптамадан өткізулері керек, - деді.

Бұған қоса, тергеу абақтысының басшылары Курамшиннің бұрынғы әйелімен заңды түрде ажырасқанына күдіктенеді. Байтелова бұл туралы:

- Мен заң бойынша талап етілетін құжаттардың бәрін тапсырдым. Атап айтқанда, Вадимнің әйелімен ажырасқаны туралы құжаттың заңды көшірмесін өткіздім. Олар 2003 жылы ажырасқан. Бірақ неге екені түсініксіз - түрме бастығы заңды құжаттарды есепке алмай отыр. Сол себепті де мен оның қоғамдық қорғаушысы бола алмай отырмын. Қамауда отырған адамның ең жақын адамы ғана қоғамдық қорғаушы бола алады, - деді.

2010 жылы Азаттық радиосына берген сұхбатында Вадим Курамшин бірінші рет 1992 жылы 18 жасында үйленгенін, сол жылы Степан есімді ұлының дүниеге келгенін айтқан еді. Сол жолы 2003 жылы әйелінен ажырасқанын да әңгімелеген. «Әйелім басқа адамға тұрмысқа шықты. Мен оны түсінемін, үнемі түрмелерді жағалап жүруден ол да шаршаған шығар» деген болатын Курамшин.

ТҮРМЕДЕН - САЯСАТҚА

2010 жылы құқық қорғаушы қызметін атқара бастаған Курамшин жас кезінде өмірге жеңіл қарағанын да айтқан болатын. Ол өзінің kuramshyn.org блогында:

- Мен көп уақытымды мейрамханалар мен ойынханаларда, тағы басқа жерлерде өткізетінмін. Түрмеден кейін өмірге салиқалы түрде қарайтын болдым, – деп жазған еді. Сол жерде өзінің сотталғандығы турасында да сөз қозғап: «Мен періште
Құқық қорғаушы Вадим Курамшин (ортада) өзінің үстінен қозғалған әкімшілік істі қарайтын соттың алдында журналиспен телефон арқылы сөйлесіп, заттарын оппозиция өкілі Марат Жанұзақовқа (сол жақта) тапсырып тұр. Көкшетау, 29 тамыз 2010 жыл.
Құқық қорғаушы Вадим Курамшин (ортада) өзінің үстінен қозғалған әкімшілік істі қарайтын соттың алдында журналиспен телефон арқылы сөйлесіп, заттарын оппозиция өкілі Марат Жанұзақовқа (сол жақта) тапсырып тұр. Көкшетау, 29 тамыз 2010 жыл.
емеспін, 1995 жылы қылмыстық топтардың ықпалында кеттім. Бірақ мен ұрынған қылмыс айтарлықтай ауыр қылмыс емес, сот шешімі жасалған қылмысқа сай шыққан жоқ»,- деген еді.

1999 жылы ақпан айында ол алаяқтық жасады деген айыппен жеті жарым жылға сотталды да, 2003 жылдың ақпан айында шартты түрде мерзімінен бұрын босап шықты.

Ал Вадим Курамшиннің 2006 жылғы түрмеге қамалуы мен сотталуы саяси жағдайға байланысты болды. Солтүстік Қазақстан облысындағы оппозициялық басылымдардың бірінде тілші болып жүрген оған «жала жапты» деген айып тағылып, 3 жыл 10 айға бас бостандығынан айырылды.

Курамшиннің сотталуына себеп болған мақала «Эпоха» газетінде «Арбалардан баррикада жасаймыз ба?» деген тақырыппен жарияланған болатын. Мақала ауыл адамдары мен кәсіпкердің арасындағы дау-дамай туралы еді. Шаруашалық қожалығының иесі мақала шыққан соң сотқа шағымданған. Курамшин бұл жолы да шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.

Екінші рет сотталып, жазасын өтеп шыққан соң Курамшин Қазақстандағы құқық қорғаушыларды да, оппозицияны да, өзінің бұрынғы партиялас әріптестерін де қатты сынай бастады. Вадим Курамшиннің өзі «Эпоха» газетіндегі мақаланы басылымның сол кездегі редакторы оның атынан жариялап жібергенін, шын мәнінде ол мақаланы өзі жазбағанын, ол тек ауыл тұрғындары мен кәсіпкер арасындағы араздық туралы ақпараттың бар екенін жеткізгенін мәлімдеді.

Курамшин «Эпоха» газетінің Болат Әбіловтің меншігі болғанын да айтты. Мақаланы өзі жазбағанына қарамастан, Курамшин бар жауапкершілікті өз мойнына алуға келіскен екен. Оның сөзіне қарағанда Болат Әбілов көмектесуге уәде берген. Бірақ ол уәдесін орындамаған. Сөйтіп, ол жала «жала жапты» айыппен сотталып кетті. Ал Әбілов бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ол қолынан келгенше оған көмектескен.

КУРАМШИННІҢ ҚАЙТА ТҰТҚЫНДАЛУЫ

Бұл жолы Құрамшинге 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр. Оған «ірі көлемде пара алды» деген айып тағылды. Қордай аудандық соты 2012 жылы қаңтардың 23-і оны екі айға қамау туралы шешім шығарды.
Ол құқық қорғау ісіне бар жігерін салатыны сонша, туған-туыстарын да ұмытып кетеді. Ол жұмысына қатты берілгенде тұрмыстық-қаржылық қиындықтарға да көңіл аудармайды.

Жамбыл облысының Қордай поселкесінде Вадим Курамшин Қордай ауданының прокурорымен кездесуі керек болған. Бұл кезде Курамшин «прокуратура қызметкерлері пара талап етті» деп шағымданған кәсіпкер Анна Кузьминаның құқын қорғаумен айналысып жүрген.

Бірақ Курамшинді прокурордың қабылдауына кіруге жазылғаннан кейін, бір-екі сағат өткенде Жамбыл облысының полиция қызметкерлері тұтқындады. Ол түскен пәтерде тінту жасалып, келесі күні Қордай аудандық соты оны қамауға санкция береді.

Вадим Құрамшинді қорғау комитеті Қазақстанның бас прокуратурасына хат жолдады. 20-дан аса қоғам белсенділері, құқық қорғаушылар Қордай аудандық прокуратурасының, әсіресе аудандық прокурордың көмекшісі Мұхтар Үдербаевтың жемқорлық іс-әрекеттерін анықтау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізуді талап етіп отыр. Өйткені Курамшинге «Мұхтар Үдербаевтан оның қылмысын айғақтайтын бейнетүсірілімді ешқайда көрсетпеу үшін ақша талап етті» деген айып тағылды.

Курамшиннің әріптестерінің пікірінше, құқық қорғаушының бейнеролик арқылы прокуратура қызметкерін бопсалауы мүмкін емес. Себебі ол кезге дейін-ақ прокуратура мен кәсіпкердің арасындағы дау туралы елдегі барлық БАҚ-та жазылып, жарияланып кеткен болатын.

«ВАДИМГЕ ҚОҚАН-ЛОҚҚЫ КӨРСЕТТІ»

Жанат Байтелованың айтуынша, «Вадим - өте адал адам. Ол өзінің адам құқықтарын қорғау жолындағы қызметі үшін жеке мүддесін құрбан етуге даяр».

- Ол жалғыз жортқан бөрі сияқты, жалғыз күресіп жүр. Қоғамның Курамшин мен прокуратураға қатысты ақпаратқа селқос қарауының себебі - оны өзге құқық қорғаушылардың қолдамай отырғаны. Құқық қорғау мәселесімен айналысып жүрген, шын мәнінде, жалғыз Курамшин, - дейді Байтелова.

Жанна оның «түрмелерде наразылық акциялары өткен кезде, қамаудағы адамдардың құқы аяққа тапталып жатқанда бірнеше күн ұйықтай алмағанын» айтты.

- Ол құқық қорғау ісіне бар жігерін салғаны сонша, туған-туыстарын, жақындарын да ұмытып кетті. Ол жұмысына қатты берілгенде тұрмыстық-қаржылық
Құқық қорғаушы Вадим Курамшин сотталғандардың туыстарымен кездесіп тұр. Астана, 1 сәуір 2011 жыл.
Құқық қорғаушы Вадим Курамшин сотталғандардың туыстарымен кездесіп тұр. Астана, 1 сәуір 2011 жыл.
қиындықтарға да көңіл аудармайды. Ол үнемі қандай да бір мәселемен сапарға шығуға қиналатын, - дейді Байтелова.

Жанна Байтелованың айтуынша, Курамшинге «бірнеше рет ақша ұсынған және қоқан-лоққы көрсеткен». Байтелованың есінде қалғаны - құқық бұзушылар оған алғашында қылмыскерлерді жіберіп жазалайтындарын айтса, 2011 жылдың соңынан бастап құқық қорғаушыны үкіметтің арнайы қызмет өкілдері бақылай бастаған.

- Оны айтқанға жүргізу оңай емес, өйткені оның өзі де қорлау мен азаптауды көрген адам. Мұның бәрін бүгінгі жүйемен өзара есеп айырысу деуге де болады, - дейді Жанна Байтелова.

Байтелованың айтуынша, былтыр Астанаға барар алдында, ҰҚК қызметкерлері онымен достасуға тырысып, келісімге келмекші де болды. Олар ақшалай көмек көрсетіп, пәтер алып беретіндерін де айтқан, тек оның Астанаға бармауын сұраған.

Ол Астанаға сапарында қамауда жатқан азаматтардың әйелдері мен аналарының басын қосып, «Нұр Отан» партиясы өкілдерімен кездесу өткізбекші болды. Билік партиясымен бірлескен комиссия құрып, колонияларды аралау туралы да ұсыныс жасауды жоспарлаған еді.

Курамшин Алматыда баспанасы болмаса да, қауіпсіздік қызметкерлерінің әлгі ұсынысынан бас тартты.

Кейін оны қорқытып-үркіткен. Оның өміріне қауіп төнетінін, тіпті өлтіріп кететіндерін де айтып, біреулер қоқан-лоққы көрсеткен.

- Олар арандататындарын да жасырған жоқ, - дейді Жанна Байтелова.

Осындай қорқытып-үркітудің бірі туралы Курамшин Twitter-де жазды. Бұл - оның тұтқындалуының алдында ғана болған оқиға. Курамшин қамауда жатқандардың бірінің анасынан хабар алған, ол хабар бойынша, әлгі әйелді ҰҚК қызметкерлері Курамшинге «ақша беруге» күштеп көндірмек болған. Әйел ҰҚК қызметкерлерінің «сен ақша бергенде Курамшин алса болғаны, ар жағын өзіміз реттейміз» деген сөзін айтқан.

Жанна Байтелованы бұрын Курамшиннің өзі қорғаған қамаудағылардың туған-туыстарының еш әрекетсіз отырғаны алаңдатады. Оның пікірінше, оларды тиісті органдардың қорқытып-үркітіп тастауы мүмкін. Сондықтан олар Курамшинді қорғау туралы ашық айтып, қандай да бір әрекет жасай алмай отыр.

СОТТЫ КҮТУ

Жанна Байтелова әділдік үшін күресіп жүрген адамның «қандай да бір заңсыздыққа баруы мүмкін емес» дейді.

- Біз даулы болған бейнетаспаны білеміз. Ол таспаға қатысты баспасөз мәслихатын да өткізбекші болған. Осы ретте ол кәсіпкер Қанағат Тәкееваға ұсыныс
Кәсіпкер Қанағат Тәкеева кедендегі заңсыз алымдар туралы айтып отыр. Алматы, 5 мамыр 2011 жыл.
Кәсіпкер Қанағат Тәкеева кедендегі заңсыз алымдар туралы айтып отыр. Алматы, 5 мамыр 2011 жыл.
жасады. Қанағат Тәкеева «Қорғас ісіне» қатысты белсенділік танытты ғой. Курамшин болса, Қордайдағы заң бұзу оқиғалары «Қорғас ісі» сияқты қоғамға белгілі болса деп ойлады. Бірақ Қанағат Тәкеева бірігіп жұмыс істеу туралы ұсыныстан бас тартты. Мен үшін бұл таңырқайтын нәрсе емес. Қанағат Тәкееваға Қорғас туралы айтуға, шу шығаруға, айғайлауға рұқсат етілген. Рұқсат етілмесе, оны әлдеқашан қамап тастайтын еді. Қорғаста аса ірі қаржы айналысы бар. Ал Вадимге рұқсат берілмеді. Сондықтан олар (прокуратура – ред.) осындай іске барып отыр, - дейді Байтелова.

Оның пікірінше «Курамшинді тұтқындау арандатушылықпен іске асқан».

- Оны мұндай іске барды деу (пара алды деу - ред.) - барып тұрған ақымақтық. Тіпті, мұны менің жеке пікірім деп санаған күнде де солай. Ал кең ойлап қарасаңыз, өзінің соңынан бақылау бар екенін, өзіне арандатушылық жасалатынын білетін адам прокурордың көмекшісінен пара сұрай ма? Оны алдап соқты, - дейді ол.

Жанна Байтелованың айтуынша, Курамшин қамалғаннан бері бір ай өтсе де, әлі алдын-ала тергеу шаралары жүргізілмеген. Оның пікірінше, бәрі күні бұрын «жинақталып, дайындалған».

Қамау мерзімі наурыздың 23-інде бітеді. Оған дейін сот болуы да мүмкін. Ал наурыздың 26-сы - Вадим Курамшиннің туған күні. Жанна Байтелова «сот осы күнге белгіленбесе екен» деп тілейді.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG