Accessibility links

Алматыда қаржы полициясының бастығы қызметтен алынды


Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбеков агенттіктің Алматы қалалық департаменті бастығы Мақсат Дүйсеновті қызметтен босатты деп хабарлады ақпарат агенттіктері.

Түсіпбековтың айтуынша, Мақсат Дүйсенов қарамағындағы қызметкері пара алғаны үшін босатылған. Департамент инспекторы Хасанов 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан кезде ұсталған.

Агенттік төрағасы бұдан былай да қызметкері пара алғаны үшін басшысының қызметтен кететінін ескерткен.
XS
SM
MD
LG