Accessibility links

Қоғамдық комиссияның тағы 4 өкілі Жаңаөзенге аттанды


Жаңаөзен оқиғасы бойынша құрылған қоғамдық комиссияның төрт өкілі Жаңаөзенге шықты деп хабарлады Азаттық тілшісіне "Журналистер қатерде" қорының президенті Рамазан Есіргепов.

Оның айтуынша, Жаңаөзенге бұл жолы саясаткер Жасарал Қуанышәлин, заңгер Ғалым Ағелеуов және тіркелмеген "Алға" партиясының белсендісі Ерлан Қалиев шыққан.

Есіргепов комиссияның Жаңаөзен қаласының әкімі және прокурорымен кездесу жоспары бар екенін айтады. Комиссия қалада ақпанның 28-іне дейін болмақ.
XS
SM
MD
LG