Accessibility links

Алматыда жиын өтетін алаңқай қоршалып тасталды


Бүгін Алматыда "Қарсылық күніне " орай жиын өтетін алаңқайды полиция күштері темір шарбақтармен қоршап тастады.

Абай ескерткіші мен қаңтардың 28-інде оппозиция жиын өткізген ескерткіштен төмен алаңқайды қазір ондаған полиция күзетіп тұр.

Полиция шеру өтетін ауданды бақылауға алған. Олар бірнеше көшенің жиегінде тұрған көлік иелерінен көліктерін алып кетуін талап етті. Көше қозғалысына тыйым салынбағанымен, көшенің жиегіне аялдауға рұқсат жоқ.

Бүгін Алматыда белсенділер тарапынан "Қарсылық күні" жарияланып, жиын өткізу жоспарланған. Қалалық әкімдік бұл жиынға рұқсат бермеген еді.

Бұған дейін қаңтардың 28-інде өткен митингіге мыңға жуық адам келген еді. Онда жиналғандар сайлау қорытындысына наразылық білдіріп, Жаңаөзендегі полиция күштерінің оқ атуын айыптаған болатын.
XS
SM
MD
LG