Accessibility links

Оппозиция белсенділерін тағы сотқа алып барды


Қоғамдық белсенді Инга Иманбай "Қарсылық жиынында" сөз сөйлеп тұр. Алматы, 25 ақпан 2012 жыл.
Қоғамдық белсенді Инга Иманбай "Қарсылық жиынында" сөз сөйлеп тұр. Алматы, 25 ақпан 2012 жыл.
Бүгін Алматыда митинг өткізілер алдында ұсталған азаматтық белсенділер Ермұрат Бапи, Бақытжан Төреғожина, Болат Әбілев пен Әміржан Қосанов және Бақытгүл Мәкімбайды түстен кейін қаланың ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотына алып келген. Бұл жөнінде Азаттық тілшісіне телефон арқылы Бақытгүл Мәкімбай хабарлады.

Оппозиция белсенділеріне Әкімшілік кодекстің 373-бабының 3-тармағы бойынша "рұқсат етілмеген митинг ұйымдастыру әрекетін қайталады" деген айып тағылған.

"Билік рұқсат етілмеген жиынды ұйымдастырушы деп ЖСДП-ға кінә тақпақшы, біз онымен келіспейміз. Сенбі күні Алматыдағы жиынды өткізуге еркін ойлы азаматтардың өздері мұрындық болды" деді «Қарсылық күні» ұсталып, үш жарым сағаттан кейін босатылған Жармахан Тұяқбай Азаттық радиосына.

Ал "Қарсылық жиынынан" кейін полиция ұстап алып кетпекші болған қоғамдық белсенді Инга Иманбай Бостандық аудандық ішкі істер департаментіне митингке қатысқан 4-5 жасты алып келгендігін хабарлады Азаттық радиосына.
XS
SM
MD
LG