Accessibility links

Әлемдегі ең аласа адамның бойы 54 сантиметр


72 жасар Непал азаматы Чандра Бахадур Дангидің жер беті тұрғындарының ішіндегі ең бойы аласа адам ретінде Гиннес рекордтар кітабына енгені турасында жексенбі күні Британияның «Гардиан» басылымы жазды.

Дангидің бойының ұзындығы кішкентай нәрестенің бойындай-ақ, бар болғаны 54,6 сантиметр болады екен.Гиннес рекордтар кітабының 57 жылдық тарихында Непал азаматы тұңғыш рет әлемдегі ең кішкентай адам ретінде танылып отыр.

Бұған дейін жершарының ең кішкентай тұрғыны ретінде бойы 60 сантиметр болатын филиппиндік Джунри Балуинг саналып келген болатын.
XS
SM
MD
LG