Accessibility links

Қырғызстандағы Ресей азаматтары дауыс берді


Бүгін Қырғызстанның екі облысында Ресейдегі президент сайлауына алдын-ала дауыс беру өткендігін ИТАР-ТАСС агенттігі Бішкектегі Ресей дипломатиялық өкілдігіне сілтеме жасап хабарлады.

Дипломатиялық өкілдік қызметкерлері Ош пен Шу облыстарында тұратын бірнеше жүздеген Ресей азаматтары президент сайлауына қатысуда "белсенділік танытты" деп атап көрсеткен.

Ресейде сайлау болатын 4 наурыз күні қырғыз елінде тағы екі сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Қырғызстанда Ресей азаматтығы бар қанша адамның тұратынын елшілік нақты айта алмайды, дегенмен 4 желтоқсанда өткен Мемлекттік дума сайлауына Бішкектің өзінде 3 мыңнан астам ресейлік қатысқан.
XS
SM
MD
LG