Accessibility links

Митингіге қатысушыға айыппұл салынды


Қоғамдық белсенді Саламат Омаш "Қарсылық жиынында" сөз сөйлеп тұр. Алматы, 25 ақпан 2012 жыл.
Қоғамдық белсенді Саламат Омаш "Қарсылық жиынында" сөз сөйлеп тұр. Алматы, 25 ақпан 2012 жыл.
Бүгін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық соты қоғамдық белсенді Саламат Омашқа 25 ақпандағы "Қарсылық күні" митингісінде сөз сөйлегені үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Азаттық радиосына бұл туралы қоғамдық белсенді Инга Иманбай хабарлады. Омашқа әкімшілік кодекстің 373-бабы бойынша "заңсыз митингіге қатысты" деген айып тағылған.

Инга Иманбай бүгін өзіне және белсенді студент Анар Әбілдаеваға сотқа шақырту келгенін айтады.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, "Жас Алаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай да сотқа шақыртылған. Ол бұған қарсылық танытып, шақыртуды жыртып тастаған. Бірақ сотқа баратынын айтады.

Ақпанның 25-інде Алматыда "Қарсылық күні" атты митинг болды. Митингіге жүздеген адам қатысты. Полиция ол шараға қатысқан 30 шақты адамды ұстап әкетті.
XS
SM
MD
LG