Accessibility links

Адвокаттар алқасы: Қызметімізге заңсыз килігу тоқтатылсын


Алматы қаласы адвокаттар алқасының өкілдері қаржы полициясының өздерінің адвокаттық қызметтеріне заңсыз араласып отырғанын мәлімдеп, оны тоқтатуды талап етті.

Бұл жайында сейсенбіде адвокатура өкілдері Кенжеғали Карчегенов, Гүлнәр Байғазина мен Людмила Колыванова баспасөз жиынын өткізді. Олардың айтуынша, ақпанның 24-і күні қаржы полициясының қызметкерлері Алматы қалалық адвокаттар алқасының №12 заңдық көмек беру кеңсесіне заңсыз тінту жүргізген.

Адвокатура өкілдері: "Қаржы полициясы заңсыз тінту арқылы адвокаттық қызметтің құпиялығын бұзды және азаматтардың адвокаттарға сенім білдіруіне нұқсан келтірді" дейді. Олар "бұл жерде қаржы полициясы адвокаттық қызметке қатысты Қазақстан заңдары мен халықаралық заңдарды өрескел бұзып отырғанын" алға тартады.

Олар тиісті мемлекеттік органдардан адамның өзін-өзі қорғау құқын құрметтеуді және адвокаттардың кәсіби қызметіне араласпауды талап етті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG