"АрселорМиттал" компаниясы сейсенбіде жұмысшыларының жалақысын 30 пайызға көбейте алмайтынын мәлімдеді деп хабарлады "Интерфакс Қазақстан" агенттігі.
Компания кәсіподақ ұйымдарымен келіссөз жасауға дайын екенін айтып, оларды ұжымдық келісім-шарт ережелерін орындауға шақырған.
Хабарламаға қарағанда, компания кәсіподақтармен келіссөздер басталған 2011 жылдың қазанынан бері жалақыны көтерудің бірнеше жолын ұсынған.
"Бірақ кәсіподақтар мұның бірде-бірін қабылдамай қойған соң, компания 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны қолданыстағы келісім-шарт бойынша көбейте бастады. 2011 жылдың қорытындысы бойынша сыйақы да төлей бастады" дейді компания.
"АрселорМиттал" таратқан мәліметтер бойынша, бұдан кейін де кәсіподаққа қосымша екі ұсыныс жіберілген, бірақ ол еленбеген.
"АрселорМиттал" компаниясы "жұмысшылар мен кәсіподақтың құқықтарын сыйлайтынын, митингтер мен наразылық шерулері жалақыны көтеру мәселесін шешпейтінін, мәселені заң шеңберінде конструктивті келіссөздер жүргізу жолымен шешу қажет екенін" мәлімдеп отыр.